«Тәуелсіздік Бейнесі — Өз бейнеңде ел рухын көрсет!» атты патриоттық аквагрим акциясыFarabi University

«Тәуелсіздік Бейнесі — Өз бейнеңде ел рухын көрсет!» атты патриоттық аквагрим акциясы

9 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 9 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің 1-қабат фойесінде Тәуелсіздік күніне арналған
«Тәуелсіздік Бейнесі — Өз бейнеңде ел рухын көрсет!» атты патриоттық аквагрим акциясы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шараны Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасының аға оқытушысы, куратор-эдвайзер Ахмед Г.Ж. және АҚЖ-2202 (4 курс) студенттері ұйымдастырды. Акция барысында студенттерге Қазақстан Республикасының Туы, күн мен қыран символы, ұлттық ою-өрнектер бейнеленген аквагрим ұсынылып, патриоттық атмосфера қалыптастырылды.

Іс-шараға қатысқан студенттердің белсенділігі жоғары болды. Фото және видео түсірілімдер жүргізіліп, факультеттің әлеуметтік желілерінде патриоттық мазмұндағы контент кеңінен жарияланды.

Нәтижесінде, акция студенттердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, бірлік пен отансүйгіштік рухын нығайтты. Бұл форматтың тәрбиелік және әлеуметтік маңызы жоғары екені дәлелденіп, алдағы уақытта да қолдануға ұсынылды.