ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУFarabi University

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

25 қаңтар, 2026
  • Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық Құрылтайдың V отырысына қатысты. 
  • Жансейіт Қансейітұлы Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесіп, аймаққа қажетті білікті кадрларды бірлесіп даярлау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және жоғары оқу орны мен өңір арасындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады. 
  • Ректор Астана қаласында өткен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысына қатысты.
  • ЖОО басшысы «Аймақтық басқару кадрларының құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ) мәжілісінде баяндама жасады.
  • Жансейіт Түймебаев Абайдың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралардың қорытындысын талқылауға арналған Ғылыми кеңес отырысына қатысты. 
  • Ректор «Азаматтық қоғамның саяси мәдениетінің эволюциясы, трендтері мен перспективалары: қазақстандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі.