ҚазҰУ оқытушысы Шәкәрім Университетінде курс өткізді
Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің Компьютерлік ғылымдар кафедрасының доцент м.а., PhD, Жолдас Бурибаев Шәкәрім университетінде өткен «Edusummer: Озық тәжірибе – ортақ даму» атты жазғы мектеп аясында генеративті жасанды интеллект тақырыбында тегін курс өткізді. Іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен жазғы мектеп қатысушылары қатысты.
Аталған жазғы мектеп оқытушылардың кәсіби дамуын қолдауға, заманауи білім беру үрдістерін меңгеруге бағытталып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – сапалы білімді қамтамасыз ету қағидаттарына толық сәйкес келеді. Бағдарлама шеңберінде дәрістер мен тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.
«Edusummer» жазғы мектебі озық тәжірибе мен жаңашылдыққа негізделген маңызды білім беру алаңы ретінде өтті.

Басқа жаңалықтар