Сулейменова Мадина ЕржанкызыFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Сулейменова Мадина Ержанкызы «8D07113 – «Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша «Суды ластаушы заттардан тазарту үшін өндірістік қалдықтардан синтетикалық цеолиттер мен нанокомпозиттер алу әдісін әзірлеу» тақырыбында диссертация қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Химиялық физика және материалтану» кафедрасында орындалды.

Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

 

Ресми сарапшылар:

1. Сабитова Альфира Нуржановна – философия докторы (PhD), Шәкәрім университеті, «Химия және экология» кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, Семей, Қазақстан.

2. Талғатов Эльдар Талғатұлы – философия докторы (PhD), «Д.В.Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ, органикалық катализ зертханасының меңгерушісі қауымдастырылған профессоры, Алматы, Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Тауанов Жандос Турегулович – философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Химиялық физика және материалтану» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, Алматы, Қазақстан

2. Anna Bogush – философия докторы (PhD), Жоғары өнімді деректерді талдау орталығының қауымдастырылған профессоры, Агроэкология, су ресурстары және тұрақты даму орталығының ғылыми жетекшісі, Ковентри, Ұлыбритания.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Махманов Урол Кудратович – философия докторы (PhD), Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы, У.А. Арифов атындағы ион-плазма және лазерлік технологиялар институты, Оптика және спектроскопия зертханасының меңгерушісі, Ташкент, Өзбекстан.

2. Заиров Рустэм Равилевичфилософия докторы (PhD), Қазан федералды университеті, Төмен тоннажды химия зертханасы, эксперттік трассерлік шешімдер бөлімінің жетекшісі, бас ғылыми қызметкер, қауымдастырылған профессор Қазан, Ресей.

3. Акылбеков Нургали Икрамович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхананың бас ғылыми қызметкері, Қызылорда, Қазақстан.

 

Қорғау 2026 жылдың 27 ақпанында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D074000/8D07113 – Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар», «6D073400/8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы», «6D074000/8D07112 – Наноматериалдар мен нанотехнологиялар», мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультетінің 2 қабатында орналасқан Е.Ергожин атындағы Ғылыми Кеңес мәжілісінің залында өтеді.

 

Zoom конференциясына қосылу

https://zoom.us/j/97606356770?pwd=sJGiVqop4ZJCBT61vR8k2WZz7wJOpC.1

Конференция идентификаторы: 976 0635 6770

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық