Мемлекеттік рәміздер туралы танымдық викторина, эссе байқауыFarabi University

Мемлекеттік рәміздер туралы танымдық викторина, эссе байқауы

27 қаңтар, 2026

27.01.2026 күні Түркітану және тіл теориясы кафедрасының 6B01703 - «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенттерінің қатысуымен тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімін тереңдету, патриоттық сезімін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарға құрметін арттыру.

     Іс-шара барысында Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның шығу тарихы мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Студенттер мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көрсетіліп, талқылау ұйымдастырылды.

   Білім алушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, белсенділік танытты. Іс-шара сұрақ-жауап түрінде жалғасып, студенттердің қызығушылығын арттырды. Мұндай тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.

  Іс-шара соңында мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екені атап өтілді.

  Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Гулназ Серікқызы, 6B01703 - «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенттері.