«Тұрақты даму құндылықтары: адам құқықтары және әлеуметтік жауапкершілік»
2026 жылғы 23 қаңтарда Тұрақты даму мақсаттарының 17-бағыты аясында
«Тұрақты даму құндылықтары: адам құқықтары және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілік, азаматтық жауапкершілік, білім беру ұйымдарының тұрақты даму үдерісіндегі рөлі, сондай-ақ әлеуметтік-педагогикалық тәжірибелердегі заманауи тәсілдер кеңінен талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысқан магистранттар кәсіби пікір алмасып, өзекті мәселелер бойынша жаңа идеяларымен бөлісті. Іс-шарада педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нургалиева Д.А. мазмұнды баяндама жасап, білім беру кеңістігінде тұрақты даму құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Кафедра аға оқытушы Мурзагулова М.Д. тұрақты даму құндылықтарын білім беру үдерісіне интеграциялау мәселесіне тоқталып, қатысушылар тарапынан қызығушылық тудырды.
Басқа жаңалықтар