Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03104 – Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Омаров Мәди Есжанұлының «Украинадағы мемлекеттік биліктің орталықсыздандырылуы: трансформациялық моделінің саясаттанулық талдауы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Нуртазина Роза Ауталиповна – саясаттану ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті саясаттану кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан).
2. Алибаева Гульнар Айтчановна – заң ғылымдарының докторы, NARXOZ университеті Құқық және мемлекеттік басқару жоғары мектебінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Рахимбекова Бакыт Куанышбековна – тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының ассистент-профессоры, (Алматы қ., Қазақстан);
2. Чочиа Арчил (A. Chochia) – PhD, Таллин технологиялық университетінің Құқық мектебінің аға ғылыми қызметкері (Таллин қ., Эстония);
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Жумашов Еркебулан Алимханович – PhD, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты
директорының орынбасары (Астана қ., Қазақстан);
2. Бейменбетов Серик Туруспекович – PhD, Қазақстан-Неміс университеті Әлемдік саясат факультетінің доценті (Алматы қ., Қазақстан);
3. Круглашов Анатолий Николаевич – саясаттану ғылымдарының докторы, Ю. Федькович атындағы Черновцы ұлттық университетінің профессоры, «Тарих, саясаттану және халықаралық қатынастар» факультетінің саясаттану және мемлекеттік басқару кафедрасының меңгерушісі (Черновцы қ., Украина); Лодзь университеті Халықаралық қатынастар және саясаттану факультетінің профессоры (Лодзь қ., Польша).
Қорғау 2026 жылдың 4 наурыз күні сағат 11:00 уақытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті ғимаратының 123 мәжіліс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған «6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану»; «6D050200, 8D03104 – Саясаттану»; «6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300, 8D03107 – Психология», «6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология», «8D03103 – Конфликтология» мамандықтар тобы мен білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/97516942651?pwd=UfPvnY5PRyE7Tt2zdBcMP4fGo8dgWD.1
Идентификаторы: 975 1694 2651
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар