Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D072000 — Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Молайган Сержанның «Сутекті судан катализатор қатысында алу әдісін жасау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы — диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі — қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Сейтхан Азат — PhD, профессор, «Инженерлік профиль зертханасының» меңгерушісі, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, (Алматы қ., Қазақстан);
2. Касенова Шуга Булатовна — химия ғылымдарының докторы, профессор, Ж. Абишев атындағы химия-металлургия институтының термохимиялық процестер зертханасының бас ғылыми қызметкері (Қарағанды қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Баешова Ажар Коспановна — химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
2. Баешов Абдуали — химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы минералдық шикізатты кешенді пайдалану жөніндегі ұлттық орталығының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
3. Богуслава Леска — ғылым докторы, профессор, Адам Мицкевич атындағы университет (Познань қ., Польша).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Матаев Мухаметкали Мусагалиевич — химия кафедрасының профессоры, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
2. Бейсенов Ренат Елемесович — PhD, қауымдастырылған профессор, химиялық инженерия мектебінің деканы, Қазақстан-Британ техникалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
3. Vardan Galstyan — PhD, Италия Ұлттық зерттеу кеңесінің Электроника және магнетизмге арналған материалдар институтының (CNR-IMEM) аға ғылыми қызметкері (Парма қ., Италия).
Қорғау 2026 жылдың 11 наурызында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ D060600, 8D05301 — Химия, 6D072000, 8D07104 — Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 8D07102 — Химиялық инженерия мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) түрде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/89704992503?pwd=ObU7Yb5DkEeMpQOrYjaLT4wto9njyI.1
Идентификатор: 897 0499 2503
Басқа жаңалықтар