Паридинова Ботагоз ЖаппаровнаFarabi University

            

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Паридинова Ботагоз Жаппаровнаның «Болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымын тұлғалық-бағдарлы оқыту арқылы дамыту» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасында орындалған.

  Қорғау формасы - диссертациялық жұмыс.

  Қорғау тілі - қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

Булшекбаева Асем Исаевна PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. (Алматы қ., Қазақстан).

Мамандығы: 6D010300 Педагогика және психология.

Бейсенова Жупаркул Жумабаевна - психология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. (Алматы қ., Қазақстан).

Мамандығы: 19.00.07 - Педагогикалық психология.

Ғылыми кеңесшілер:

Майгельдиева Шарбан Мусабековнапедагогика ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры (Қызылорда қ., Қазақстан);

 Аяганова Алмагуль Жандилдаевна – психология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиал доценті (Қызылорда қ., Қазақстан);

Кирьякова Аида Васильевна - педагогика ғылымдарының докторы, Орынбор мемлекеттік университетінің профессоры (Орынбор қ., Ресей Федерациясы).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

Daiva Jakavonytė-Staškuvienė – ғылым докторы (Doctor of Sciences), Еуропалық Комиссияның Еуропалық мектептерінің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру инспекторы; Ұлы Витаутас атындағы университеттің білім беру Академиясының профессоры, аға ғылыми қызметкер, дидактика зерттеу кластерінің жетекшісі (Литва);

Толеубекова Рымшаш Камешевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

Шуиншина Шолпан Мырзакасымовна - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім мазмұны институтының Жаратылыстану-математика бағыты пәндері мен STEM технологиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың 5 наурыз күні сағат 10:00 уақытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті ғимаратының 123 мәжіліс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған 6D050100, 8D01101 - Әлеуметтану; 6D050200, 8D03104 - Саясаттану; 6D090500, 8D11401 - Әлеуметтік жұмыс; 6D012300, 8D01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану; 6D050300, 8D03107 - Психология; 6D010300, 8D01101 - Педагогика және психология; «8D03103 - Конфликтология» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/96851355847?pwd=SNdZ2CizH1yb9eooUe4l95GezvaRSE.1

Идентификаторы: 968 5135 5847

          Этикалық комиссияның қорытындысы

          Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық