Абдраманова Нурсулу Шермаханбетовна
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D010300-Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Абдраманова Нурсулу Шермаханбетовнаның «Жоғары оқу орындарында білім беру сапасын ішкі бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздері (кейстік талдау)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Абильдина Салтанат Куатовна – педагогика ғылымдарының докторы, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан)
2. Алимбекова Анар Аймолдановна – философия докторы (PhD), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. ( Алматы қ., Қазақстан)
Ғылыми кеңесшілер:
1. Алгожаева Нурсулу Сеиткеримовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан)
2. Хусейн Хусну Баhар (Hüseyın Hüsnü Bahar) – доктор PhD, Эрзинджан Биналы Йылдырым университетінің профессоры (Эрзинджан қ., Түркия)
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Шуиншина Шолпан Мырзакасымовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім мазмұны институтының Жаратылыстану-математика бағыты пәндері мен STEM технологиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан);
2. Садирбекова Динара Калымбековна – философия докторы (PhD), Алматы гуманитарлық – экономикалық университеті Гуманитарлық-жаратылыстану білім беру кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);
3. Алимбеков Акматали – педагогика ғылымдарының докторы, Қырғыз –түрік Манас университеті Педагогика кафедрасының профессоры, (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы)
Қорғау 2026 жылдың 5 наурыз күні сағат 14.30 уақытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті ғимаратының 123 мәжіліс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған 6D050100, 8D01101 – Әлеуметтану; 6D050200, 8D03104 – Саясаттану; 6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс; 6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану; 6D050300, 8D03107– Психология; 6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология; «8D03103 – Конфликтология» мамандықтар тобы мен білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/98700209981?pwd=raA7BbcEHWlnyybeGSYZPCUYAFJ6jW.1
Идентификаторы: 987 0020 9981
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар