Университеттік ғылымды дамыту бағыттары қаралдыFarabi University

Университеттік ғылымды дамыту бағыттары қаралды

5 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетін арттыруға арналған кездесулер шығыстану, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру және халықаралық қатынастар факультеттерінде жалғасты.

Аталған жиын ғылымды дамыту, зерттеу бағыттарын жетілдіру және ғылыми жобалардың сапасын арттыру мәселелеріне арналды.

Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры Қуаныш Тастамбектің жетекшілігімен өткен кездесуге факультет декандары, оқытушылар, ғалымдар мен докторанттар қатысты. 

Жиында Қуаныш Тастамбек инновациялық жобалармен айналысатын ғалымдарға университет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

«Біздің басты мақсат – оқу ордасының ғылыми әлеуетін арттыру. Біріншіден, жас ғалымдарды қолдау өте маңызды. Екіншіден, халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейту арқылы тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін дамыту керек. Сондай-ақ инновациялық жобаларды іске асыру арқылы оқу орнының ғылыми әлеуетін нығайтуға болады», – деді департамент директоры.

Кездесу соңында қатысушылар ғылыми жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Жиынның қорытындысы бойынша университеттің ғылыми және инновациялық қызметін жетілдіру бағытында нақты іс-шаралар жоспары бекітілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі