Мусина Марал Елубековна
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05108 - Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Мусина Марал Елубековнаның «Қазақстанның Оңтүстік - Шығысында кездесетін дәрілік Calligonum leucocladum (Schrenk) Bunge түрі популяциясының қазіргі жағдайын бағалау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультеті, ботаника және агроэкология кафедрасының базасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Айдарбаева Докторхан Кайсарбековна – биология ғылымдарының докторы, биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.05- Ботаника.
2. Оразов Айдын Ерғалиұлы - PhD, доцент м.а., Астана халықаралық университетінің «NatureLab» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 6D061300 – Геоботаника.
Ғылыми жетекшілер:
1. Тыныбеков Бекзат Мақұлбайұлы – биология ғылымдарының кандидаты, ботаника және агроэкология кафедрасының зерттеуші-профессоры, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан).
2. Гюль Оз – PhD доктор, жаратылыстану ғылымдары факультетінің профессоры Ыстанбұл университетінің (Ыстанбұл қ., Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Мырзағалиева Анар Базарқызы - биология ғылымдарының докторы, профессор, Астана халықаралық университеті (Астана қ., Қазақстан)
2. Избастина Клара Сержановна – PhD доктор, қауымдастырылған профессор, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» (Астана қ., Қазақстан).
3. Мамарахимов Ойбек Муратович - биология ғылымдарының кандидаты, биология және экология факультеті, экология кафедрасының доценті, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті (Ташкент қ., Өзбекстан).
Қорғау аралас (онлайн және офлайн) форматта 2026 жылы 10 сәуір сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700, 8D05101 - Биология», «6D070100, 8D05105 - Биотехнология», «8D05104 – Генетика», «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу сілтемесі:
https://zoom.us/j/91800759256?pwd=23I2TRcTR0Zt4mHamAwAIZOSzWJKcL.1
Конференция идентификаторы: 918 0075 9256
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар