Дигай Дамир Анатольевич
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Дигай Дамир Анатольевичтің «Правовое регулирование обеспечения доступа к информации (национальное законодательство и международный опыт)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Құқық және экономика факультетінің құқықтық пәндер кафедрасында орындалды.
Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Алибаева Гульнар Айтчановна – заң ғылымдарының докторы, «Narxoz» университетінің құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
2. Төлеген Мұхтар Әділбекұлы – заң ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), профессор, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры (Өскемен қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Нұрмуханқызы Дания – философия докторы (PhD), І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Құқық және экономика факультетінің құқықтық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Талдықорған қ., Қазақстан);
2. Даниель Войтчак – заң ғылымдарының докторы, Катовице Бизнес университетінің құқық және әкімшілік кафедрасының профессоры (Катовице қ., Польша).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Каражанов Малик Дулатович – философия докторы (PhD), «Alikhan Bokeikhan University» Заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Семей қ., Қазақстан);
2. Апахаев Нурлан Жилкайдарович – заң ғылымдарының кандидаты, профессор, Алматы қаласының заң консультанттары палатасаның мүшесі (Алматы қ., Қазақстан);
3. Абашидзе Аслан Хусейнович – заң ғылымдарының докторы, профессор, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің заң институтының директоры, халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген заңгері, БҰҰ-ның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар комитетінің мүшесі, Ресей БҰҰ-на жәрдемдесу қауымдастығының Халықаралық құқық комиссиясының төрағасы, Ресей Федерациясындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі, Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі (Мәскеу қ., Ресей).
Қорғау 2026 жылдың 6 наурыз күні сағат 10:30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 300 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/96582282986?pwd=BH1uZDMuUR258TxssXbBOzs0bBeXg5.1
Конференция идентификаторы: 965 8228 2986
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар