ҚазҰУ студенті бокс турнирінде жүлдегер атандыFarabi University

ҚазҰУ студенті бокс турнирінде жүлдегер атанды

9 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс студенті Нұрбек Мурсал Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 бокс турнирінде 70 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 3-8 ақпан аралығында өтіп, ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстарды қамтыды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алты алтын, бес күміс және алты қола жүлдеге ие болды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі