National Young Researchers Tournament – мектеп оқушыларына арналған, зерттеушілік ойлау қабілетін және практикалық ғылыми дағдыларды дамытуға бағытталған командалық турнир.
Турнирдің негізгі мақсаты – оқушылардың зерттеушілік ойлау дағдыларын қалыптастыру, гипотезаларды тексеру (қажет болған жағдайда эксперименттер мен деректерді қолдану арқылы), дәлелді ғылыми пікірталас жүргізу, көпшілік алдында сөйлеу және сыни талдау жасау қабілеттерін дамыту.
Аталған турнир ТДМ 4 – Сапалы білім мақсаттарын іске асыруға бағытталып, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға және сапалы білім алуға тең мүмкіндік беруге ықпал етті.
Турнир барысында қатысушы командалардың жұмыстарын плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы Аширбек Азамат әділқазы ретінде бағалады.
Басқа жаңалықтар