Мұражайға саяхатFarabi University

Мұражайға саяхат

9 ақпан, 2026

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ПГ-16, ПГ-17, ПГ-18 топтары куратор-эдвайзерлері Р. Дүйсенбаева, Г.Ә. Машинбаева,  М. Ешимовтардың ұйымдастырумен Алматы мұражайына барды. Іс-шараның мақсаты шетелдік тіл үйренушілерді өздері оқып жүрген қаланың тарихымен, мәдени ошақтарымен жақынырақ таныстыру. Мұнда шетелдіктерге Алматы қаласының Верный бекінісі болған уақытынан бастап, еліміздің астанасы болған жылдардағы өмірі, қазіргі кездегі тарихы жан-жақты таныстырылды. Елдегі мәдени ошақтар мен елдің атақты тұлғаларының өмірі, олардың еліміздің тарихындағы атқарған қызметтері туралы жан жақты мәліметтер берілді.  Тіл үйретуде дәрісханалық сабақтарды мәдени орындарға жасалған саяхаттармен толықтыру оқу сапасына оң нәтижелер береді, шетелдік тыңдаушылар мұражайды аралау барысында түрлі сұрақтар қойып, өзара пікір алысып, шынайы тілдік коммуникация жасай алды.