- Басты бет
- Жаңалықтар
- КазНУ-дың жас ғалымдары Қытайда өтетін озық есептеулер бойынша халықаралық тренингтік курсқа қатысуда
КазНУ-дың жас ғалымдары Қытайда өтетін озық есептеулер бойынша халықаралық тренингтік курсқа қатысуда

КазНУ-дың жас ғалымдары Қытайда өтетін озық есептеулер бойынша халықаралық тренингтік курсқа қатысуда
21 қаңтардан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-нің жас ғалымдары мен білім алушылары Huazhong University of Science and Technology базасында өтіп жатқан «China–Central Asia Advanced Computing Training» атты алғашқы халықаралық оқу курсына қатысуда.
Аталған курс Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінен келген қатысушыларды біріктіріп, жоғары өнімді есептеулер (HPC), жасанды интеллект (AI) және кванттық есептеулер (QC) сияқты заманауи есептеу технологияларының негізгі бағыттары бойынша құзыреттерді дамытуға бағытталған.
Оқу бағдарламасы теориялық дәрістерді, заманауи есептеу платформаларында практикалық тренингтерді, сондай-ақ кешенді жобаларды орындауды қамтиды, бұл озық есептеулер саласындағы қолданбалы және инженерлік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.
15 күндік оқу курсы аяқталғаннан кейін қатысушыларға оқу курсынан өткенін растайтын сертификаттар табысталады.
Кафедра ИИиBD
Басқа жаңалықтар