Студенттеріміздің спорттық жетістіктері – біздің мақтанышымыз!
6 ақпан, 2026
Студенттеріміздің спорттық жетістіктері – біздің мақтанышымыз!
Рухтың күшін, мақсаткерлікті және жеңіске деген ерік-жігерді тәрбиелеп, студенттеріміз спорт алаңында керемет нәтижелер көрсетуді жалғастыруда.
7 қыркүйек күні ұлы қазақ ханы – Абылай ханға арналып, дзюдодан халықаралық «Abylai Khan Open Cup» турнирі өтті. Біздің колледждің ПР-105 тобының студенті Айтқазы Мейірман, 2010–2011 жылғы жас санатында және 73+ кг салмақ дәрежесінде құрметті 2-орынға ие болды!
Мейірманды лайықты жеңісімен құттықтап, жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!