Шығыстанушылар жаңа Конституция бойынша пікір алмастыFarabi University

Шығыстанушылар жаңа Конституция бойынша пікір алмасты

10 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде «Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының Шығыс елдерімен ынтымақтастыққа әсері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шараға факультет басшылығы, оқытушы-профессорлық құрам, ғалымдар, жас зерттеушілер мен білім алушы  жастар қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының құқықтық негіздері, оның сыртқы саясаттағы басымдықтарға әсері және Шығыс мемлекеттерімен саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызы жан-жақты қарастырылды.

Қатысушылар өз баяндамаларында конституциялық өзгерістердің халықаралық серіктестікке ашықтықты арттырудағы рөліне, академиялық және ғылыми байланыстарды кеңейтуге тигізетін ықпалына тоқталды. Сондай-ақ Шығыс елдерімен өзара іс-қимылды дамытуда білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызы атап өтілді.

Іс-шарада жас зерттеушілер өз ғылыми көзқарастарын ортаға салды. Бұл өз кезегінде студент жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, конституциялық реформаларды ғылыми тұрғыда түсінуіне мүмкіндік берді.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі