Жастар – ел болашағының тірегі!Farabi University

Жастар – ел болашағының тірегі!

12 ақпан, 2026

Тарих факультетінің №405 аудиториясында «Жастардың қоғамдағы рөлі мен мүмкіндіктері» атты тағылымды кездесу өтті. Шараға «Цифрлық архивтану», «Ғылыми тарих» және «Шет тілін меңгерген тарих» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Кездесу барысында қазіргі жастардың алдында тұрған өзекті мәселелер ашық талқыланды:

  • 📜 Тарихи жадыны цифрландыру және сақтау маңыздылығы;

  • 🌍 Жаһандану дәуіріндегі бәсекеге қабілеттілік;

  • 🤝 Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік және кәсіби қиындықтар.

Студенттер тек өз ойларын ортаға салып қана қоймай, түйткілді мәселелерді шешудің жолдарын ұсынды. Жастар – тек бақылаушы емес, оң өзгерістердің негізгі қозғаушы күші!