Икомбаев Талғат ДюсюмбековичFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05101 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін Икомбаев Талғат Дюсюмбековичтің «Ұлттық жабысқақ, иілімді сүт қышқыл өнімдердің өндіріс технологиясын оңтайландыру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Инновациялық Еуразия университетінің ауылшаруашылығы және биоресурстар кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі: орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Смольникова Фарида Харисовна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Тамақ өндірісінің технологиясы және биотехнологиясы кафедрасы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ (Семей қ., Қазақстан). Мамандығы: 05.18.04 – Ет, сүт, балық өнімдері және тоңазытқыш өндірісінің технологиясы;

2. Садуахасова Сауле Абдуахаповна – биология ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ  (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.07 - Микробиология.

Ғылыми жетекшілері:

Оспанова Айнагуль Кенжешовна – биология ғылымдарының кандидаты, профессор «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университет» КеАҚ (Павлодар қ., Қазақстан);

 Майоров Александр Альбертович – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Федералдық Алтай агробиотехнология ғылыми орталығы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің бас ғылыми қызметкері (Барнаул қ., Ресей).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Кожахметов Самат Серикович – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, микробиом зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Назарбаев Университеті (Астана қ., Қазақстан);

2. Олейникова Елена Андреевна – биология ғылымдарының кандидаты, тағам микробиологиясы зертханасының меңгерушісі, «Микробиология және вирусология институты ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС (Алматы қ., Қазақстан);

3. Мусульманова Мукарама Мухамедовна – техника ғылымдарының докторы, профессор,  И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (Бішкек қ., Қырғызстан).

Қорғау аралас форматта (онлайн/офлайн) 2026 жылғы 13 наурызда, сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700, 8D05101 – Биология», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология», «8D05104 – Генетика» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте өтеді.

Zoom конференциясына қосылу сілтемесі:

https://zoom.us/j/91636730400?pwd=528bWwBEyDGvsawaQ7JiicboP1JITl.1  
Конференция идентификаторы: 916 3673 0400

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Диссертациялық кеңестің шешімі