«Жаңа Конституция жобасы» тақырыбында кездесу өттіFarabi University

«Жаңа Конституция жобасы» тақырыбында кездесу өтті

12 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде «Жаңа Конституция жобасы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – профессор-оқытушылар құрамын Жаңа Конституция жобасының негізгі мазмұнымен таныстыру, ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттыру.

Кездесуге қоғам қайраткері, білім беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласының сарапшысы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қорының жетекшісі Марат Қалимолдин, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Ермек Қожамсүгіров, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Гүлнар Айғаринова, сондай-ақ география ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Санат Түгелбаев қатысты.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаттары, ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар, олардың қоғамдық-саяси және институционалдық маңызы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, конституциялық реформалардың маңыздылығын түсіндіруге және құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталды.

 

Әл-Фараби атындағы қазҰУ-дың Баспасөз қызметі