Философия және саясаттану факультетінің ғалымдары жаңа терминологиялық сөздік жарияладыFarabi University
Референдум 15 марта

Философия және саясаттану факультетінің ғалымдары жаңа терминологиялық сөздік жариялады

12 ақпан, 2026

 

Философия және саясаттану факультетінің ғалымдары Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, жауапты редактор Курманалиева А.Д. жетекшілігімен «Әл-Фарабидің философиялық терминдер сөздігі (арабша-қазақша-орысша)» атты еңбекті жарыққа шығарды.


Аталған басылым зерттеу жобасының теориялық мәселелеріне практикалық шешім ретінде дайындалған. Сөздік ортағасырлық араб-мұсылман ойшылдығы мен қазіргі заманғы философиялық мәтіндерді аударумен айналысатын мамандар мен ғалымдарға арналған.

Терминологиялық сөздік философия, филология, мәдениеттану, шығыстану салаларының мамандарына, сондай-ақ жалпы зиялы қауым мен зерттеушілерге бағытталған. Еңбек ғылыми айналымдағы ұғымдарды жүйелеуге және философиялық мәтіндерді дәл әрі сапалы аударуға мүмкіндік береді.

Факультет ұжымы ғылыми жоба авторларына шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен тың зерттеулер тілейді. Еңбектеріңіз ғылыми қауымдастыққа зор пайдасын тигізіп, отандық ғылымның дамуына үлес қоса берсін!