Халықаралық IT университетінде өткен біліктілікті арттыру курсыFarabi University

Халықаралық IT университетінде өткен біліктілікті арттыру курсы

13 ақпан, 2026

ТДМ 4 – «Сапалы білім» мақсаты аясында 2026 жылғы 26 қаңтар мен 14 ақпан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің ұйымдастыруымен Халықаралық IT университетінде «Жасанды интеллект және интеллектуалды ақпараттық жүйелерді дамытудағы инновациялар» тақырыбында 72 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курс университет оқытушылары мен студенттеріне арналды. Бағдарлама барысында қатысушылар жасанды интеллекттің заманауи бағыттарын меңгеріп, кәсіби құзыреттіліктерін арттырды.

🔹 Лектор: Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы Бейбітхан Еркегүл
🔹 Өткізілген орны: Халықаралық IT университеті, Бас корпус, 905–907 аудиториялар

Аталған бастама жоғары білім беру сапасын арттыруға және академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.