Қаржылық сауаттылық аясында «Саналы тұтыну және жеке бюджет» тренингіFarabi University
Референдум 15 марта

Қаржылық сауаттылық аясында «Саналы тұтыну және жеке бюджет» тренингі

13 ақпан, 2026

 

Күні: 13.02.2026

Өтетін орны: ФжСФ

Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтік - тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары- Аязбаева Б.Б.

Форматы: офлайн тренинг

Тренинг барысында:

• топпен жұмыс

• шағын топтық жұмыс

• тренинг

• қаржылық сауаттылықты дамыту

 

Семинар жүргізуші: Лиясова А.А. — жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 1 курс докторанты.

Экономикалық жағдайда өзіндік  қарым-қатынасты тиімді ұйымдастырудың заманауи және практикалық тәсілдерін қарастыруға бағытталған.

13.02.2026 күні   жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 1 курс докторанты Лиясова Айгүл Амангельдиевна Психология мамандығының 3-курс студенттерімен  «Саналы тұтыну және жеке бюджет» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылық туралы түсінігін тереңдету, ақшаға деген психологиялық қатынасты зерделеу және саналы қаржылық мінез-құлықтың маңыздылығын ұғындыру болды.

Іс-шара барысында тақырыптың өзектілігі жан-жақты түсіндірілді. Қазіргі заманда қаржылық сауатсыздық көптеген әлеуметтік және психологиялық мәселелердің себебіне айналып отырғаны атап өтілді. Қарыз мәдениеті, импульсивті шығын, әлеуметтік желілердің әсері секілді құбылыстардың жастар өміріндегі орны талқыланды. Қаржылық сауаттылық тек қаражатты басқару емес, адамның ішкі еркіндігі мен өзін-өзі реттеу қабілетінің көрсеткіші екені ерекше айтылды.

Тренингтің басында студенттер өздерін әртүрлі валюталар арқылы таныстырып, сол валюталар туралы қызықты ақпараттармен бөлісті. Бұл жаттығу қатысушылардың белсенділігін арттырып, қаржы тақырыбына деген қызығушылықты күшейтті.

Сондай-ақ топтық жұмыс ережелері талқыланып, өзара сыйластық пен ашық пікір алмасу қағидаттары бекітілді. Қатысушылар ақшаға қатысты жеке тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа ой түйіп, өзара пікір алмасты. Талқылау барысында қаржылық шешімдердің адамның ішкі сенімдерімен және эмоциялық күйімен тығыз байланысты екені анық байқалды.

 

Тренинг аясында «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында жазылған 3 үздік эссе авторлары арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бұл студенттердің шығармашылық белсенділігін арттырып, тақырыпқа тереңірек үңілуіне мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар тренингтің мазмұнды әрі пайдалы өткенін атап өтті. Көпшілік өз ойларын қайта қарап, қаржылық әдеттеріне саналы түрде назар аудару қажеттігін түсінгендерін білдірді. Тренинг қатысушыларға жақсы әсер қалдырып, болашақта қаржылық мәдениетті қалыптастыруға мотивация берді.