ҚазҰУ-дың жас ғалымы жаңа пәтердің иесі атанды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым саласын дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі тапсырмасына сәйкес 14 жас ғалымға пәтер сертификаты табысталды. Соның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Аида Мұңайтпасова бар.

Аталған игі бастама дарынды жастарды ынталандыруға және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.
Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік стипендия лауреаттарын марапаттау рәсімінде Президент атынан жас ғалымдарға баспана сертификаттары салтанатты түрде табысталды.
Аида Нұрғалиқызы география және табиғатты пайдалану факультетіндегі метеорология және гидрология кафедрасында жұмыс істейді.

«Бүгін жаңа пәтердің иесі атанып жатырмын. Өте қатты қуаныштымын. Осы орайда Мемлекет басшысына, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұжымына алғысымды білдіремін. Бұл бастама жас ғалымдардың ғылым саласында алаңдамай жұмыс істеп, жоғары нәтижелерге қол жеткізугіне септігін тигізеді деп санаймын», - дейді Аида Мұңайтпасова.
.jpeg)
Айта кетейік бұған дейінде ҚазҰУ-дың жас ғалымдарына Президент атынан жаңа пәтердің сертификаттары табысталған болатын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар