Қоршаған ортаны аялау – адамзаттың борышы
Қоршаған ортаны қорғау, бұл – әр адамның күнделікті іс-әрекеті мен өмір салтына байланысты жауапкершілік. Табиғатты құрметтеп, оны сақтай білсек, келешек ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдырамыз. Қазіргі таңда адамзаттың табиғатқа деген салғырт көзқарасы түрлі экологиялық мәселелер мен апаттардың туындауына себеп болып отыр. Осы өзекті мәселелерді талқылау және студенттердің табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында, биология және биотехнология факультетінде оқитын түркімен топтарымен «Қоршаған ортаны аялау – адамзаттың борышы» атты семинар өткіздік. Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қазіргі жаһандық экологиялық мәселелерді талдау және жеке жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру болды.
Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті
Зоология, гистология және цитология кафедрасы
«6B05102 Биология» мамандығы
ББ 23-10 тобы
Куратор-эдвайзер: Айсабаева А.Е.
#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU
Басқа жаңалықтар