BNEWS.KZ

11 мамыр, 2016

Алматыда «Miss KazNU-2016» сұлулық байқауы өтті

Алматыда «Miss KazNU-2016» сұлулық байқауы өтті (ФОТО). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Miss KazNU-2016» сұлулық байқауы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.Арулар сұрақтарға үш тілде жауап беріп, өз талантын көрсетті. Байқауға қатысушылар би билеп, ән айтты, монолог оқыды, сыйқыр көрсетіп, фильмдерден үзінді сахналады.  «Бізге 13 факультеттен 200-ден астам өтініш түсті, іріктеу жолымен біз олардың үздік деген 14-ін таңдап алдық. Жалпы бізде сұлу қыздар көп екен, таңдау жасау өте қиын болды», - дейді «Miss KazNU-2016» жобасының үйлестірушісі Гауһартас Бересова.Сонымен, «Miss KazNU-2016» атағына химия факультетінің студенті Акбар Шырын лайық деп танылды. Ал Вице Мисс титулына шығыстану факультетінің студенті  Ақдидар Сұлтанова («I Вице Мисс» ) мен халықаралық қатынастар факультетінің студенті Жанерке Әмірзаданова («II Вице Мисс») ие болды.