«Eco Quiz Battle» – тұрақты даму тақырыбындағы кураторлық тәрбие сағатыFarabi University

«Eco Quiz Battle» – тұрақты даму тақырыбындағы кураторлық тәрбие сағаты

5 ақпан, 2026

2026 жылғы 19 ақпанда Археология, этнология және музеология кафедрасының жоспарына сәйкес 1-курс «Этнология және антропология», «Әлеуметтік-мәдени антропология» білім беру бағдарламаларының студенттері арасында «Eco Quiz Battle» атты интерактивті викторина форматында кураторлық тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шара кураторы – PhD, аға оқытушы Әбдінасыр Назира

Тәрбие сағаты БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – студенттердің тұрақты даму туралы білімін арттыру, экологиялық, әлеуметтік және мәдени сауаттылығын дамыту, экологиялық ойлауды қалыптастыру.

Интерактивті форматтағы викторина барысында қатысушылар тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау және жаһандық экологиялық мәселелер бойынша білімдерін сынап, өзара пікір алмасты.