Ахмет Байтұрсынұлы мұражайына саяхатFarabi University
Референдум 15 марта

Ахмет Байтұрсынұлы мұражайына саяхат

20 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі елдерінен келген студенттер білім алуда. Олар Қазақстанға, Алматы қаласына алғаш рет келген. Әрине, олар біздің қала мен оның мәдени ошақтарымен таныстыру мақсатында 20 ақпан 2026 жылы аталмыщ кафедраның оқытушылары шетелдік студенттерді қалада орналасқан ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйіне саяхатқа барып келді. Шетелдік студенттер ұлт ұстазының тұрған үйін көрумен қатар, оның қазақ ғылымы мен біліміне сіңірген еңбегі, оның өмір жолы, еңбектері туралы мәліметтер білді.