Өзбекстан ғалымдарымен астрофизика саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастық (БҰҰ ТДМ 4, 9, 17)Farabi University

Өзбекстан ғалымдарымен астрофизика саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастық (БҰҰ ТДМ 4, 9, 17)

23 ақпан, 2026

Астрофизика бағыты бойынша Өзбекстандағы әріптестермен халықаралық ғылыми байланыс

 

            Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің «Физика» кафедрасының профессоры Орлова Татьяна Алексеевна біздің университетке қонағы болып, болашақ физика және астрономия мамандарын даярлаудың заманауи бағыттары туралы дөңгелек үстел өтті.  

            Кездесу барысында болашақ мамандардың пәндік, әдістемелік, цифрлық және зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастырудың заманауи тәсілдері ұсынылып, физика мен астрономия бағыттары бойынша білім беру мен ғылыми дайындықтың сапасын арттыруға арналған тиімді әдістер жан-жақты талқыланды. Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің оқытушы профессорлық құрамының біліктіліктерін кафедраның "Инновация" ғылым-білім орталығында жетілдіру жайлы сөз қозғалды.