- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақ тілін сандық технология арқылы оқыту: әдістеме және инновация» қысқы мектебі жалғасуда
«Қазақ тілін сандық технология арқылы оқыту: әдістеме және инновация» қысқы мектебі жалғасуда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы мен Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырған «Қазақ тілін сандық технология арқылы оқыту: әдістеме және инновация» тақырыбындағы қысқы мектеп курсы 2026 жылдың 16–25 ақпан аралығында өтуде.

Қазіргі таңда қысқы мектептің екінші аптасындағы дәрістер жалғасып жатыр. Бағдарлама аясында сала мамандары сандық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, заманауи әдістемелік тәсілдер мен инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізу бағытында тәжірибелерімен бөлісуде.
Қысқы мектеп жұмысына 80-нен астам тыңдаушы қатысып, кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алуда. Қатысушылар дәрістермен қатар тәжірибелік сабақтар мен пікірталас алаңдарына белсенді түрде қатысуда.
Аталған шара қазақ тілін оқытудың сапасын арттыруға және заманауи білім беру кеңістігінде сандық технологияларды тиімді қолдануға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Басқа жаңалықтар