Техникалық семинар «Жоғары жиілікті векторлық өлшеулерге арналған PLANAR компаниясының шешімдеріне шолу»Farabi University
Референдум 15 марта

Техникалық семинар «Жоғары жиілікті векторлық өлшеулерге арналған PLANAR компаниясының шешімдеріне шолу»

26 ақпан, 2026

2026 жылғы 26 ақпанда плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының доценті Мұратов Мұхит Мұхаметнұрович
«ПЛАНАР компаниясының жоғары жиілікті векторлық өлшеулерге арналған шешімдеріне шолу» атты техникалық семинарға қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының ғылыми және өнеркәсіптік міндеттеріне арналған жоғары жиілікті өлшеулер мен бақылау-өлшеу жабдықтары саласындағы заманауи шешімдер таныстырылды.

 Қатысушылар ТОО «Almighty Technology» компаниясының қызметімен және отандық тапсырыс берушілерге ұсынылатын өлшеу құралдарының түрлерімен танысты. ПЛАНАР компаниясының өнімдеріне — ықшам өлшеу шешімдеріне және олардың қолданылу салаларына ерекше назар аударылды.Жоғары жиілікті өлшеулердің негізгі әдістерінің бірі ретінде тізбектердің векторлық талдауының мүмкіндіктері қарастырылды.«Компакт-М» сериялы векторлық анализаторлардың (178 ГГц дейін) техникалық сипаттамалары және оларды зертханаларда, өндірісте, соның ішінде автоматтандырылған өлшеу стендтері құрамында қолдану мысалдары ұсынылды.

Семинар қатысушылардың сұрақтарына жауап беру және мазмұнды пікірталаспен қорытындыланды.

Мұндай кездесулер инженерлік мәдениетті дамытуға, кәсіби құзыреттілікті арттыруға және академиялық орта мен жоғары технологиялық өнеркәсіп арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

🔹 ТДМ 4 — Сапалы білім
🔹 ТДМ 9 — Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым
🔹 ТДМ 17 — Тұрақты даму мақсатындағы серіктестік