7KUN.KZ

11 мамыр, 2016

Менің университетім - 7KUN.KZ

Менің университетім. Таудай белесті бағындырған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің тарихы 1934 жылдан бері бастау алып келеді. Дегенмен,басты құндылық санда емес,сапада болған ғой,қашанда.Ең бастысы ұзақ жылдарда емес, сол жылдарда  атқарылған істе емес пе?! Қай салада болмасын биік белес-тағылымды тарихтың болғанын дәлелдейді.ҚазҰУ-дың  алған мәртебесі,атқарылған жұмысы,ғылыми жетістіктері көп-ақ.Ал,мен Университетімнің жетістігін ,студенттік көзқарастан ,қоғамда қалыптасқан ойдан қозғайын. Бағындырған шыңы сансыз,бұл ҚазҰУ-да оқыған да арманда,оқымаған да арманда. Арманы орындалған жандардың бірі ,менмін.«Қайда оқисың?» -дегенде,«ҚазҰУ - да» -деп, айтудың өзі қандай мақтаныш десеңші.Оқуға түспей тұрып,әлгі  сұрақты сұрағанымда «ҚазҰУ - да»- деп,жауап беретін студентерге,қызыға қарайтын едім,ойыма бірден «Неткен ақылды еді,сабағы қиын шығар,болашағы жарқын екен ғой»,- дейтін ой,менде емес,кез-келген талапкердің ойына бірден келетіні  сөзсіз.Дәл жаңағы сұрақты ауылдағы ағайын сұраса «Алматыда»- десең,жалпы жауап,ал ,«ҚазҰУ - да» -десең,мүлде басқаша әсер қалдырады.Яғни, ҚазҰУ- дың абыройы, әсем Алматының атағынан да асып тұрғандай көрінеді.«ҚазҰУ -дың дипломы,қолыңда болса,жұмысың да бар дейбер»,- дейтін сөздерді де  естисің ,бұл да бекер  айтылмаса керек.«Қарашаңырақ»- дегенді еліміз ырысты,берекелі,бірінші бастау алған отауларға береді және ол жерді киелі деп санайды.Бұл киелі ұғымды,тағы да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетімен байланыстырады.Бірінші абыройға жұмыс істеп,ал енді абырой университетке жұмыс істеп жатыр десек,әбестік болмас.Дәл осы жетістік,дәл осындай көзқарасты қалыптастыру- Қазақ ұлттық Универститетінің , ең басты жетісті деп санаймын.Өйткені,ең бастысы ,халықтың ойы емес пе?! Тарихы тереңнен орын алған,бұл қарашаңырақ ұтымды әрі, табысты жол жүріп келеді.Негізгі нысаны,өскелең  ұрпаққа жол көрсетуге арнаған,білім ордасының жеткен жетістігі молынан.Бұның дәлелін,еліміздің өркендеуіне үлес қосып отырған,түлектердің ерен  еңбегінен байқай аламыз.Нәтиже деген,осы болар ,сірә?! «Атына заты сай »-деген ұғымды,ұластырудың өзі,үздіксіз еңбекті талап етеді.Талабының биік боларын білді ме,әлемді аузына қаратқан,ұлы ғалым Әл-Фарабидың  есімі 1991 жылы, дәл осы заңғар мекемеге берілді.Әлі күнге дейін,Әл Фараби –  ашылмаған жұмбақ.Әйгілі ғалымдар,«Әл-Фарабимен теңесе алатын ғалымды табу қиын»,«Әл- Фарабидың ғылымға қосқан үлесі жан жақты әрі ұзақ »- деген пікірлер айтып еді.Дәл осы ойлар,оның есіммен аталған Университет жайлы да айтылуда.Даңқты адамның даңқын, абыроймен қайталап отыр,біздің ҚазҰУ.Әл-Фарабидың есімі мәңгі өшпес ғылым жолында,әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университінің аты мәңгі өшпес,білім беру жолында. «ҚазҰУ»- деген сөзді естігенде, санаға бірден «Сапа,жетістік,көшбасшысы,білікті,бәсеке,жүйрік », -деген сөздер енеді ойға,енедше жетістік деген,осы!Тарихта алтын әріппен қалып,жетер жетістігі жалғасқан,үздік университет,ол біздің ҚазҰУ-ымыз.Ел мүддесін ойлай алатын және сол мүддені жүзеге асыра алтын,білікті,білімді  маман иесі болатыныма, мен сенемін,ел сенеді. Өйткені мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің студентімін. Жас талапкер, жарқын болашақ бейнесін бірге қалауға сені де шақырамын!

Мадияр ҮМБЕТОВ

Нұрсұлтан ҚАЛҚАШЕВ