Ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті Рахимова Диана Рамазанқызы Жасанды интеллект бағыты бойынша аккредитациялық сараптамаға қатыстыFarabi University

Ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті Рахимова Диана Рамазанқызы Жасанды интеллект бағыты бойынша аккредитациялық сараптамаға қатысты

27 ақпан, 2026

2026 жылғы 24–25 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доцент-зерттеушісі Диана Рахимова Central Asian Association for Accreditation of Education ұйымының шақырылған сарапшысы ретінде Kazakh-American University университетінде өткен сараптамалық комиссия жұмысына қатысты.
Аккредитация аясында 6В06104 «Бизнес пен технологиялардағы жасанды интеллект» білім беру бағдарламасына бағалау жүргізілді. Біздің университет өкілдерінің жасанды интеллект саласы бойынша сарапшы ретінде шақырылуы ҚазҰУ-дың елдегі AI және цифрлық технологиялар бағытындағы жетекші университеттердің бірі екенін көрсетеді.
Бұл жұмыстың Қазақстанда жарияланған Жасанды интеллект жылы кезеңінде өтуі ерекше мәнге ие, өйткені AI-білім беруді дамыту ел үшін стратегиялық маңызға ие.