Қазақстан–Корея ғылыми ынтымақтастығы аясында AI Silk Net орталығының ашылуы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы 2026 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкімет үйінде өткен кеңесте берілген тікелей тапсырманы орындау мақсатында 2026 жылғы 26 ақпанда Ғылым ордасында «Қазақстан ғылымы мен технологияларының форсайты: деректерден шешімдерге дейін» атты стратегиялық сессия өткізді. Корей елшілігінен, Ұлттық мемлекеттік ғылым-техникалық сараптау орталығының мамандары, Ұлттық зияткерлік меншік ұйымынан білікті мамандр қатысып пікір білдірді.
Аталған жиынға Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының жас оқытушылары қатысты.
Корей Республикасы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық байланыстардың нәтижесінде AI Silk Net орталығы ашылды. Бұл орталық Қазақстан Республикасы, Корей Республикасы және Орталық Азия өңірі үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады.
Орталық еліміздің ғылыми-техникалық саясатын дамытуға, суперкомпьютерлік технологиялар мен IT-жобалар арқылы ғылымның ілгерілеуіне елеулі үлес қосады деп сенеміз. Қазіргі жасанды интеллект дәуірінде мұндай орталықтың ашылуы — уақыт талабына сай маңызды қадам.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушысы
Асенова Айгүл Халдарқызы
Басқа жаңалықтар