Алғыс айту күніне орай студенттердің ризашылық челленджі өттіFarabi University
Референдум 15 марта

Алғыс айту күніне орай студенттердің ризашылық челленджі өтті

1 наурыз, 2026

Алғыс айту күніне орай Компьютерлік ғылымдар кафедрасының студенттері ата-аналарына, білім нәрімен сусындатып жүрген оқытушыларына, бағыт-бағдар беріп жүрген кураторларына және әрдайым қолдау көрсетіп жүрген достары мен топтастарына шынайы алғыстарын білдірді.

Мерекенің негізгі мақсаты – қоғамда алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, адамдар арасындағы өзара құрмет пен сыйластықты нығайту, сондай-ақ студент жастардың бойында адамгершілік құндылықтарды дәріптеу болып табылады.

Осыған орай кафедра студенттері арасында «Ризашылық хат: кімге және не үшін?» атты челлендж ұйымдастырылды. Челлендж аясында әр курс студенттері бір-біріне эстафета жолдап, өз ризашылықтарын бейнежолдау арқылы жеткізді.

Студенттер өз сөздерінде өмір жолында әрқашан қолдау көрсетіп, сенім білдіріп келе жатқан ата-аналарына ерекше алғыс білдірді. Сонымен қатар білім мен тәжірибесін бөлісіп, кәсіби қалыптасуына үлес қосып жүрген оқытушыларына шынайы ризашылықтарын жеткізді (инстаграмм желісіне жүктелді). Бұдан бөлек, студенттік өмірде әрдайым жанынан табылатын достары мен топтастарына, бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңесін аямайтын кураторларына да алғыстарын білдірді.

Челлендж барысында дайындалған бейнероликтерде студенттердің шынайы алғыс сөздері мен жылы лебіздері айтылып, ерекше мерекелік атмосфера қалыптасты. Әр топтың шығармашылықпен дайындалған бейнежолдаулары студенттер арасындағы бірлік пен достықты, өзара қолдау мен сыйластықты айқын көрсетті.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар студент жастардың бойында мейірімділік, құрмет және жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастырып, қоғамда алғыс айту мәдениетін дамытуға ықпал етеді.