Қайырымдылық акциясы: бірігіп жасаған жақсылықFarabi University
Референдум 15 марта

Қайырымдылық акциясы: бірігіп жасаған жақсылық

2 наурыз, 2026

02.03.2026 күні «Қайырымдылық акциясы: бірігіп жасаған жақсылық» аясында АЖ 2303 тобы Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетіндегі Ораза ұстаған қызметкерлер мен білім алушы студенттерге арнап ауызашарға кішігірім тарту ұсынды.

Аталған игі шара Рамазан айының рухани құндылықтарын дәріптеп, мейірімділік пен жанашырлықты насихаттауға бағытталды. Ұйымдастырылған ауызашар дастарханы достық пен өзара сыйластықтың жарқын көрінісіне айналып, студенттер мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.

Акция барысында топ студенттері бірлік пен қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, осындай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Бұл бастама — жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, қоғамға деген жауапкершілігін және ортақ құндылықтарға деген құрметін айқын көрсетті