ТДМ №4: Ақпан айында студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетілдіFarabi University
Референдум 15 марта

ТДМ №4: Ақпан айында студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетілді

20 қаңтар, 2026

2026 жылдың ақпан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттеріне әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында тегін тамақтану талондары таратылды. Бұл бастама студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, олардың күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және білім алу процесіне толыққанды көңіл бөлуіне мүмкіндік жасауға бағытталған.

Аталған шара университеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Әсіресе жатақханада тұратын және әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін білім алушылар үшін бұл көмектің маңызы зор.

Тамақтану талондары белгіленген тәртіп бойынша таратылып, студенттер күнделікті асханаларда тегін тамақтану мүмкіндігіне ие болды. Бұл өз кезегінде олардың оқу үлгеріміне оң әсерін тигізіп, әлеуметтік тұрғыдан тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Университет әкімшілігі студенттердің әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Алдағы уақытта да білім алушыларға арналған әлеуметтік қолдау шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.