Өнегелі жолы жастарға үлгі ұстазFarabi University
Референдум 15 марта

Өнегелі жолы жастарға үлгі ұстаз

12 ақпан, 2026

Педагогика мен білім беру кеңістігінде елдік мүддеге қызмет ету – үлкен жауапкершілік, ал сол жауапкершілікті ғылыми тереңдік, ұйымдастырушылық шеберлікпен үй­лес­тіре білу – сирек қасиет. Осындай биік талаптың үдесінен шығып келе жатқан, ұжым құрметіне бөленген бі­лікті басшы, ғалым, ұстаздың бірі – Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымының кандидаты, профессор Нұрсұлу Әлқожаева.

Ғалымның еңбек жолы – бі­лім мен ғылымның, теория мен тәжірибенің табиғи са­бақ­­тас­тығын дәлелдейтін маз­­мұнды жол. Кафедра мең­герушісі ре­тінде ол оқу-әдістемелік жұ­мысты жүйе­леу­ге, білім беру са­пасын арт­тыруға, кафедра ұжы­мы­ның ғылыми әлеуетін ны­ғайтуға бағытталған нақты бастамаларымен ерекше­ле­неді. Ұжымдық келісім мен ор­тақ мақсатқа ұйыс­ты­ра бі­летін бас­қарушылық мәде­ние­ті оның кәсіби бол­мы­сы­ның ай­қын қырына ай­налған.

Нұрсұлу Сейткерім­қы­зы­ның ғылыми ізденісі ұлттық ру­ханият пен педагогикалық ой тарихының маңызды ар­на­ла­рына бастайды. Оның зерт­теулері жас ұрпақ тәр­бие­сіндегі құндылық ұста­ны­мын айқындауға, ұлттық тәр­биенің мазмұнын байытуға қызмет етеді. Ғылыми еңбек­те­ріндегі тұжырымдар білім берудің мәнін тек оқытумен шектемей, тұлғаның рухани кемелденуімен сабақтас­ты­ра қарастыратын кең өрісті көз­қарасты танытады.

Ғалымның білім саласына сіңірген еңбегі мемлекет және қоғам тарапынан жо­ға­ры бағаланған. Мәселен, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, «Білім беру саласының үз­дігі», Халық Қаһарманы, ге­не­рал Сағадат Нұрма­ғам­бетов атындағы ме­рей­тойлық ме­далімен, «Білім беру ісінің құр­метті қызметкері» төс­бел­­гісімен, сондай-ақ «Қа­ныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы» медалімен ма­рапатталуы, бұдан бөлек, ҚР ғылым және жоғары білім ми­нистрінің және ректордың алғыс хаттары – оның кәсіби еңбегіне берілген лайықты баға.

Нұрсұлу Сейткерім­қызы­ның ұстаздық болмысы – шә­кіртке талап қоя отырып, қолдау көрсете білетін, ғы­лы­ми бағыт беріп, кәсіби се­нім қалыптастыратын тәлім­гер­лік үлгі. Бүгінгі білім беру ісінде кәсіби біліктілікпен қатар, адами қасиет, рухани биіктік айрықша мәнге ие. Осы тұрғыдан алғанда, Нұр­сұлу Сейткерімқызының өне­гелі жолы жас маман­дар­ға да, әріптестерге де үлгі екені хақ.

Ол нағыз ұстазға тән па­ра­саттылық пен терең білім­нің иесі. Көпжылдық тәжі­ри­бесі мен ізденіске деген шы­найы ықыласы бізге қа­шанда үлгі деп қабылдаймыз. Ғы­лыми жетекші, білікті маман ретінде оның ғылыми этикаға деген адалдығы мен шәкірттеріне деген жауап­кер­шілігі әрбір жас ғалымға қажет қасиет деп білемін. Нұрсұлу Сейткерімқызына шығармашылық шабыт пен ғылыми ізденістеріне тола­ғай табыс тілейміз.

 

Қырмызы ЖҰМАБЕКОВА,

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, PhD