«Қаржылық сауаттылық – табысты өмір негізі»Farabi University

«Қаржылық сауаттылық – табысты өмір негізі»

5 наурыз, 2026

05.03.2026 «Менеджмент» мамандығының 2-курс қазақ бөлімі 2-тобы студенттері мен аға оқытушы, топ эдвайзері Аристанова Райгүл Ғазымбекқызының ұйымдастыруымен «Қаржылық сауаттылық – табысты өмір негізі» тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Шара барысында студенттер жеке қаржыны тиімді басқарудың негізгі қағидаларын қарастырып, бюджетті жоспарлау, кіріс пен шығысты реттеу, жинақ қалыптастыру және инвестиция туралы бастапқы түсініктерін кеңейтті. Қатысушылар нақты өмірлік жағдайлар негізінде қаржылық шешім қабылдау жолдарын талдап, күнделікті шығынды бақылауға көмектесетін практикалық кеңестер мен пайдалы құралдарды қолдану тәсілдерімен танысты. Іс-шарада студенттер өз жоспарларын бөлісіп, қаржыны басқаруда жиі кездесетін қателіктердің алдын алуға қатысты ұсыныстар айтты. Шара жастардың қаржылық сауаттылығын арттырып, болашақта дұрыс қаржылық шешім қабылдауға қажет тәжірибе жинақтауына бағытталды.