Жаңа студенттік ұйым ашылдыFarabi University
Референдум 15 марта

Жаңа студенттік ұйым ашылды

12 ақпан, 2026

Фараби кітапхана­сын­да Студенттік қалашық дирекциясының ұйым­дас­тыруымен көптен күткен маңызды іс-шара болып өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – универ­сите­ті­мізде жаңадан құрылған «Полицияның қоғамдық көмекшісі – ҚазҰУ студенттік ұйымын» ресми түрде таныстыру және оның құрамындағы студенттерге арнайы жеке куәлік табыстау.

 Іс-шара барысында қоғам қайраткері, генерал-майор Ана­толий Серіков қоғамда тәр­тіпті қадағалауда сту­дент­тер­дің алатын орны өте маңызды еке­нін атап өтті. Алматы қа­ла­сы Полиция департаментінің мамандандырылған патрульдік полиция батальоны штабының бастығы, полиция майоры Нұр­сұлтан Рахманов жол-көлік ере­желерін қатаң сақтауға және самокат, мопед көлік­те­ріне қатысты жол-көлік апат­та­рының алдын алу шараларымен таныстырды. Сондай-ақ жаңа­дан қабылданған заңдар, ма­ңыз­ды мағлұматтармен бө­лісті.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Ресми бөлім аяқталған соң, Алматы қаласы Полиция департаментіне қа­рас­ты полиция көмек көрсету штабының басшысы Евгений Петров полиция көмекшілеріне салтанатты түрде жеке куә­лік­терін табыстады.

Абдықахар СЕЙТЖАНОВ,

Студенттер қалашығының директоры