Пазылхайыр Бауыржан МейрамбекұлыFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D11101 – Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Пазылхайыр Бауыржан Мейрамбекұлының «Жаңа дестинациялар мысалында Қазақстан Республикасы туризмінің экологиялық менеджментінің ғылыми негіздері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті рекреациялық география және туризм кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Кадырбекова Динара Сериковна – PhD, Қазақ спорт және туризм академиясының доцент м.а. Мамандығы: «6D090200 – Туризм» (Алматы қ., Қазақстан);

2. Муканов Айдар Хамзеевич – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті туризм кафедрасының аға оқытушысы. Мамандығы: «8D11105 – Туризм» (Астана қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Асипова Жанна Медеуовна – PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті рекреациялық география және туризм кафедрасының доценті (Алматы қ, Қазақстан);

2. Дарио Берточи – PhD, Удине университетінің ассистент-профессоры (Удине қ., Италия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Сапаров Куат Табылдинович – география ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті физикалық және экономикалық география кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан);

2. Токпанов Еркин Аипович – география ғылымдарының кандидаты, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жаратылыстану пәндер кафедрасының доценті  (Талдықорған қ., Қазақстан);

3. Лодхи Раб Наваз – PhD, Пенджаб университеті Хейли сауда-экономикалық колледжінің доценті (Лахор қ., Пәкістан).

Қорғау 2026 жылдың 8 сәуір күні сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ   «8D07304 – Жерге орналастыру», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография», «8D11101 (6D090200) – Туризм», «8D01503-География», «8D05202 (6D060900) – География»; «8D05207 (6D060800) – Экология», «8D05203 (6D061000) – Гидрология», «8D05204 – Метеорология», «8D07301 (6D071100) – Геодезия» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті формат түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы. 

Zoom конференциясына қосылу: 

https://zoom.us/j/93668341289?pwd=khqIVKb1RlS1HetzYGVmldcgubQIMR.1 

Конференция идентификаторы: 936 6834 1289

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы