«Жаңа идеялар сайысы» жастар кәсіпкерлік байқауыFarabi University
Референдум 15 марта

«Жаңа идеялар сайысы» жастар кәсіпкерлік байқауы

5 наурыз, 2026

2026 жылдың 5 наурыз күні Филология факультетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «Жаңа идеялар сайысы» атты жастар кәсіпкерлік байқауы өтті. Шараның негізгі мақсаты - студенттердің креативті ойлау қабілетін дамыту, кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және ТДМ 8: «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағыты бойынша жастар арасында нәтижелі жұмыспен қамту идеяларын насихаттау.

  Байқау барысында студенттер өздерінің инновациялық бизнес-жобаларын таныстырды. Қатысушылар цифрлық технологиялар, білім беру қызметтері және әлеуметтік кәсіпкерлік салалары бойынша тың идеяларын ұсынды. Әрбір жобаның экономикалық тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті және қоғамға тигізер пайдасы жан-жақты талқыланды.

    Шара аясында болашақ мамандардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өзін-өзі жұмыспен қамту дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Байқау соңында үздік идея иелері марапатталып, олардың жобаларын әрі қарай дамыту бойынша әдістемелік кеңестер берілді. Бұл бастама студенттердің кәсіби тұрғыдан өсуіне және еліміздің экономикалық дамуына үлес қосуға деген ұмтылысын арттырды.

   Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Камзина А.А., «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3-курс студенттері және аға эдвайзер Аширкулов Қанат.