«Тұрақты даму мақсаттары» аясында ұйымдастырылған іс-шарағаFarabi University

«Тұрақты даму мақсаттары» аясында ұйымдастырылған іс-шараға

25 ақпан, 2026

25 ақпан күні «6B02305 – Қазақ филологиясы» мамандығының 3-курс студенттері «Тұрақты даму мақсаттары» аясында ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, «Тастамашы, ана» фильмінің көрсетіліміне барды. Аталмыш танымдық шараны ұйымдастырушылар пән оқытушысы – А. Амиров және студент-практиканттар – А. Князбай, Б. Қасабай, А. Тойбазар.

Шараның негізгі мақсаты – жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дәріптеп, қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерге назар аударту. Студенттер фильмді тамашалай отырып, өмірдің қадірі, отбасылық жылулық пен мейірімділік туралы терең ой түйді. Көрсетілімнен кейін «Тұрақты даму мақсаттарының» негізгі қағидаттарына сүйене отырып, фильмнің идеясы студенттер арасында кеңінен талқыланды.

Мұндай форматтағы іс-шаралар болашақ филолог мамандардың тек кәсіби біліктілігін ғана емес, сонымен қатар азаматтық ұстанымы мен эмпатиясын қалыптастыруға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.