Әл-Фараби ҚазҰУ-мен Қазақстан-зират Интернешнл Банк ынтымақтастықты нығайтуда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде KZI Bank өкілдерімен - банк төрағасы Саваш Зорлу және төраға орынбасары Галия Масеновамен - академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.К. Галиева және Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Жанна Ермекова қатысқан жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар университет пен банк секторы арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, сондай-ақ білім беру процесіне дуалды оқыту элементтерін енгізу перспективаларын талқылады. Студенттердің практикалық бағыттағы даярлығын күшейту, практика базасын кеңейту және академиялық орта мен экономиканың нақты секторы арасындағы байланысты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Келіссөздер нәтижесінде серіктестік орнату жөнінде келісімге қол жеткізілді. Оның аясында қаржы-экономикалық білім беру бағдарламаларының студенттері KZI Bank-те оқу, өндірістік және дипломалды практикалардан өту мүмкіндігіне ие болады. Бұл студенттерге банк саласындағы практикалық дағдыларды меңгеруге, заманауи қаржы құралдарымен, банктік процестермен және кәсіби ортаның талаптарымен танысуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, банк мамандарының қатысуымен қонақ дәрістер мен мастер-класстар өткізу, практикалық кейстер ұйымдастыру, сондай-ақ банк секторы өкілдерінің болашақ мамандарды даярлау үдерісіне қатысуы жоспарлануда.
KZI Bank-пен ынтымақтастық дуалды білім беру жүйесін дамытуға, студенттердің практика базасын кеңейтуге және мамандар даярлау сапасын арттыруға маңызды үлес қосады. Бұл өз кезегінде елдің қаржы секторы үшін бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар