«Кейіпкер, мінез және идея құрылымы»
ТДМ №4 сапалы білім беру бағытында филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті Р. М. Әбдіқұлова «6B02306-Әдебиеттану» мамандығының 2 курс студенттеріне «Кейіпкер, мінез және идея құрылымы» тақырыбында көркем әдебиеттегі кейіпкер мәселесін теориялық-практикалық тұрғыдан жан-жақты талдап, түсіндіру мақсатында ашық дәріс өткізді.

Әлем әдебиетіндегі кейіпкерлер мен қазақ әдебиетіндегі кейіпкерлердің характерін жасаудағы суреткерлердің шеберлігін салыстыра талдау студентердің қызығушылығын тудырды. Ашық дәрістің екінші бөлігінде оқытушы тәжірибеден өтуші докторантқа алдын ала кеңес беріп, заманауи оқытудың инновациялық үлгісін өз тағылым-тәжірибесі тұрғысынан игертудің нәтижесін бақылауды көздеді. Тақырыпты меңгерту мақсатында заманауи инновациялық тәсілдерді қолдану барысында студенттер кейіпкер мәселесі жөнінде ой толғап, сыни пікірлерін ортаға салды. Сауалдарына жауап алып, тақырыпқа қызығушылық танытты. Оқытуда заманауи тәсілдерді пайдалану аудитория белсенділігін арттыруға зор ықпал еткені байқалды.
Басқа жаңалықтар