«Талантты мұғалім – дарынды балаларға» атты республикалық педагогикалық олимпиадаFarabi University

«Талантты мұғалім – дарынды балаларға» атты республикалық педагогикалық олимпиада

11 наурыз, 2026

«Талантты мұғалім – дарынды балаларға» атты республикалық педагогикалық олимпиада 2026 жылғы 10–11 наурызда Алматы қаласында өткізілді. Бұл – дарынды және талантты оқушылармен тиімді жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтауға және қолдауға бағытталған педагогтарға арналған кәсіби байқау шарасы. Олимпиада оқытудың инновациялық әдістерін дамытуға, педагогикалық тәжірибе алмасуға және білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді. Педагогикалық идея әрбір мұғалімнің интеллектуалдық, шығармашылық және тұлғалық әлеуетін ашуға жағдай жасауға бағытталған. Педагогикалық олимпиада қазылар алқасының құрамында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары мен профессорлық-оқытушылық құрамы болды.