Студенттік Ар-намыс кодексі – абыройлы өмір жолы!
Бүгін № 9 студенттер үйіндегі студенттер арасында «Студенттік Ар-намыс кодексі – абыройлы өмір жолы» тақырыбында маңызды жиналыс өткізілді.
Жиналыста:
• Студенттердің ар-намысын, жауапкершілігін және қоғамдағы абыройлы өмір жолын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
• Әр студенттің өз шешімдері мен іс-әрекеттері арқылы ортаға үлес қосу маңыздылығы айтылды.
• 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дауыс беру жайлы толық ақпарат беріліп, әрқайсысымыз өз пікірімізді білдірудің азаматтық борышымыз екенін ұғындық. Осы ұсыныстар бойынша ақпараттар берілді
Жауапты мамандар:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер қалашығының директорының орынбасары Қалшаев Есенғали
Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Аязбаева Бейбіт Бултековна және Худайбергенов Жасур бас қасында болды.

Басқа жаңалықтар