ҚазҰУ-дағы үш референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі үш референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды.
Айта кетейік, университет қалашығында №568, №258 және №259 сайлау учаскелері жұмыс істеген болатын.

Аталған учаскелерде университет қызметкерлері мен студенттері, жергілікті тұрғындар дауыс беріп, ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасады.

Сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылып, кешкі сағат 20:00-де жұмысын ресми түрде аяқтады.
Референдум учаскелерінде барлық ұйымдастыру шаралары талапқа сай жүргізіліп, азаматтардың еркін дауыс беруіне қажетті жағдайлар жасалды.

Университеттің кейбір студенттері жалпыхалықтық референдумға ерекше әрі үлгі боларлық тәсілмен келді. Жастар дауыс беру учаскесіне велосипедпен келіп, қоғамға маңызды екі құндылықты –азаматтық белсенділік пен экологиялық жауапкершілікті айқын көрсетті.

Бұл бастама тек дауыс беруге қатысу ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғауға деген жанашырлықтың жарқын көрінісі болды. Велосипедпен келу арқылы білім алушы жастар қоршаған ортаны қорғау, ауаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне бей-жай қарамайтындарын дәлелдеді.

Сондай-ақ ҚазҰУ журналистика факультетінің «Халықаралық журналистика» және «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасының студенттері Түркияның Анкара қаласындағы Қазақстан елшілігінде референдумға қатысып, өздерінің азаматтық белсенділіктерін танытты.



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар